Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Жедел жәрдем қайда келе жатқанын көруге болады

Енді «жедел жәрдем қашан келеді?» деп тағатсызданудың қажеті жоқ.

Өйткені жаныңыз қиналғанда шұғыл жететін көліктің қайда келе жатқанын телефон арқылы бақылайтын жүйе сынақтан өтіп жатыр. Алдымен Шымкент пен Ақтөбе облысында жұмысын бастап, кейін басқа өңірлерге қосылмақ.

Сонда науқастар немесе оның жақындары қайта-қайта диспетчерге хабарласып әуре болмайды. Бригада аттанған соң, қоңырау түскен телефон нөміріне карта сілтемесі жіберіледі. Сол арқылы көліктің қозғалысын, келу уақытын бақылап отыруға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ жедел медициналық көмекке түскен шақыртулар науқастың жағдайына байланысты төрт санатқа бөлінеді. Яғни жедел жәрдемнің жету уақыты соған қарай 10 минут пен 60 минут аралығын қамтиды.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар