Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Үш шетелдікті жұмысқа жеккен қария ұсталды

Қарағанды облысында Өзбекстанның үш азаматы жұмысқа заңсыз жегілген.

Қарқаралы ауданындағы жергілікті шаруа қожалықтарының бірін тексерген тәртіп сақшылары үсті-бастары кір-қожалақ, қолдарын күс басқан, өңдері әбден қашып кеткен шетелдіктерді кезіктірген.

Тергеу барысында оларды 64 жастағы зейнеткердің қанағаны белгілі болды. Күдікке ілінген ферма қожайыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар