Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Ауқатты адамдар жәрдемақыдан қағылады

Ауқатты адамдарға төленетін жәрдемақылар тоқтатылса, үш жылда 2,5 триллион теңге үнемделеді екен.

Бұл жайлы Құрылтайда алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның сөзінше, мемлекет көмекті азаматтардың белгілі бір санатқа жататынына қарап емес, нақты мұқтаждығына қарай беруге көшеді.

Бұл қағидат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық күшіне енеді. Сөйтіп, әлеуметтік жүйедегі реформаның арқасында алдағы жылдың өзінде 700 миллиард теңге қазынада қалмақ.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар