Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Тапсырыспен келген қымбат тауарларды ұрлаған

Елордада интернет-дүкеннің сәлемдемелерін ұрлап келген маркетплейс қызметкерінің қулығы әшкере болды.

Небәрі 19 жастағы жігіт тапсырыспен келген қымбат тауарларды өзіне алып қалып, олардың орнына арзан заттарды салып жіберіп отырған. Осылайша жалпы құны 15 миллион теңгеге жуық өнімді иемденген.

Мәселен, бір жолы 182 мың теңгелік алтын сырғаны жай әшекейге айырбастап жіберіпті. Сот оны айыпты деп танып, 5 жылға темір торға қамады. Сондай-ақ ол шығынды толық өтеуге міндеттелді.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар