Елімізде ескі қаланың орны табылды.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында зерттеу жүргізіп жатқан археологтар бұл Түркі қағанаты дәуіріне жататын қалашық деп отыр. Ежелгі Қалжыр бекінісінің орнынан қорғанысқа қолданылған заттардың қалдықтары анықталған.
Қазба жұмыстары барысында ғалымдар құнды жәдігерлерге де кезігіпті. Олардың арасында қыш ыдыстар, ішінде сылдырмағы бар құстың ерекше мүсіні де бар. Мамандар көне қалашық шамамен 1 500 жыл бұрын, яғни біздің заманымыздың VI–VII ғасырларында салынған деп топшылайды. Табылған жәдігерлер сол кезеңдегі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен құрылыс мәдениетін зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақбаян Сұлтанмұрат