Шымкент тұрғынынан 10 миллион теңге бопсалаған екі адам сотталды.
Жуан жұдырықтарына сенгендер жәбірленушіден ақша талап етіп қана қоймай, оның қымбат көлігін де тартып алған. Әбден қорланған жан амалы таусылған соң полицияға шағымданыпты.
Жедел іске кіріскен тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстап, қолдарына кісен салды. Ал олардың үйін тінту кезінде қару мен оқ-дәрі табылған. Темір тұлпар мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды. Олардың әрқайсысына 5 жылдан жаза кесілді.
Ғалымжан Кенжебек