Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Зауыт өртенді

Еліміздің шығысында төтенше оқиға. Өскемендегі ірі конденсатор зауытының аумағынан өрт шықты. Қызыл жалын қас пен көздің арасында 720 шаршы метр аумаққа жайылып кеткен. Алайда дер кезінде жеткен құтқарушылар тілсіз жаудың ары қарай таралуына жол бермей, оқшаулап үлгерді. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өндіріс ошағына қарасты екі қабатты қойманың шатыры өртенген екен. Мамандар оттың неден тұтанғанын анықтауға кірісті.

← Барлық жаңалықтар