Мазмұнға өту
· 11 қаралым

ЖИ газет саласына қалай әсер етті?

Ақылды көмекші ақпарат тарату ісін жеңілдетті. Оның ішінде газет, баспа саласына да жасанды интеллектінің игілігі тиіп жатыр. Ол редакциялардың жұмысын жеделдетіп қана қоймай, шығындарды азайтуға және оқырмандарға оңтайлы контент ұсынуға септігін тигізуде. Astana Media Week апталығының екінші күнінде сарапшылар ақпараттық саясаттағы жаңа ережелерді талқылады. Дәлірек айтқанда, отандық контентті дамыту, креативті индустрияның болашағы мен медианарықтағы жарнаманың жаңа үлгілері қаузалды.

ГҮЛ НҰРАЛИНА, «ТАЙЫНША ТАҢЫ» ӨҢІРЛІК ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ:

Ақпараттық салада жаңалықтар өте көп. Мына жасанды интеллектінің өзі жақсы. Бұрынғыдай емес, тақырыптарымыз да өзгеріп жатыр. Қанша дегенмен жақсыға еліктейсің ғой. Бір үлкен тақырыптарды біз өзгеше етіп жазғымыз келеді. Сондай талпыныстарымыз бар енді.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар