Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Уланған оқушылар көбейді

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жаппай уланғандар саны тағы артты. Қазіргі таңда өткір ішек инфекциясын жұқтырған 55 оқушы ауруханада ем-дом қабылдауда. Дәрігерлер науқастардың жағдайы тұрақты, ем-дом толық көрсетіліп жатыр дейді. Айта кетейін, әйгілі білім ордасының интернатында жатып оқитындардың алды өздерін 12 қазанда жайсыз сезінген. Содан бері үш күн бойы бірінен соң бірі ауруханаға жатқызылды. Тағы алты оқушының нақты диагнозы белгісіз, сондықтан олар білім ошағында оқшауланған. Қазір білім ұясы мен оның асханасы уақытша жабылып, сабақ онлайн форматқа көшірілді. Балалар бұзылған тамақ ішкеннен осындай күйге түскен деген болжам бар.

← Барлық жаңалықтар