Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Жол апатынан балабақшаның 3 қызметкері қаза тапты

Ғұмырлары тас жолда қиылды. Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты. Балабақша директоры мен екі тәрбиеші мінген машина екі жүк көлігінің ортасында мыжылып қалған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жеңіл көліктің тізгінінде болған жүргізуші мен тағы бір жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта полицейлер Кременчуг ауылына жақын маңайда болған жол апатының жай-жапсарын анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.

← Барлық жаңалықтар