Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Мектеп оқушылары уланды

Павлодарда төрт оқушы белгісіз дәріден уланды. Балалардың айтуынша, олар үстел астынан өткір иісі бар екі капсула тапқан. Бірі езіліп жатыпты. Күмәнді заттың буын жұтқандардың бірден мазасы қашқан.

ДӘУРЕН ТҰРСЫНБЕКОВ, №11 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол партаға жақын отырғандар уланған. Қалғандары да иісі әкетіп бара жатқан заттың не екенін білуге қызығып, еңкейгенде бастары ауырып, өздерін нашар сезінген. Бұл препарат дихлор деп аталады, ал біз мектептегі тазалық үшін басқа таблетка пайдаланамыз, ендеше оны біреу үйден әкеп отыр.

Оқиғадан кейін үш оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оларды тексеріп, үйде емделуге жіберді. Ал мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізгенімен, хлорлы дезинфекциялау таблеткаларын білім ордасына кім әкелгені анықталған жоқ. Мектеп басшылығы бұл жағдайды бүге-шүгесіне дейін тексеріп, кінәлілерді жазалаймыз деп отыр.

← Барлық жаңалықтар