Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Жол құрылысына жаңа талап қойылады

Еліміздің автожол саласын түбегейлі реформалайтын жұмыс тобы құрылды.

Енді жол сапасы қатаң бақылауға алынып, құрылысқа бөлінген бюджет қаржысының әр теңгесі назарда болады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен жасақталған топ ескірген стандарттар мен нормаларды жаңартады.

Сондай-ақ цифрлық технологиялардың көмегіне жүгініп, ақшаның ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ететін жаңа тетіктер енгізілмек. Бұл іске жауапты министрлік пен ұлттық компаниялардың өкілдері, сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары жұмылады. Бастаған іс сиырқұйымшақтанып кетпес үшін 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар дайын болуы тиіс.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар