Еліміздегі 5 пен 9 жас аралығындағы балалардың төрттен бірі артық салмақтан зардап шегеді.
Бұл дегеніміз — әрбір төртінші жеткіншек. Семіздік салдарынан жасөспірімдер арасында қант диабеті мен жүрек дерті белең алған. Мәселен, тек өткен жылы мыңнан астам бала мен жасөспірімге осындай қауіпті жағдай диагнозы қойылған. Олардың екі жүзден астамынан бұл ауру алғаш рет анықталып отыр.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мектеп мәзірін шұғыл өзгертпек. Басты мақсат — теңгерімді тамақтану жүйесін қалыптастыру. Дегенмен сарапшылар жаңа ереже балаға психологиялық тұрғыдан соққы болмауы керек екенін ескертуде.
Ұлан Тәліпбай