Мазмұнға өту
· 23 қаралым

Жылқыны көлігіне байлап сүйреген

Шымкентте жылқысын көлігінің айнасына байлап алып жүрген жүргізуші жауапқа тартылды.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Осыдан соң жануарға қатыгездік көрсетілген болуы мүмкін деген күдікпен тәртіп сақшылары тексеру жүргізген.

Алайда аттың денесінен қандай да бір жарақат байқалмапты. Десе де жүргізуші жазадан құтылмады.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар