Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Ақжайық өңірінде алқалы жиын өтті

Жергілікті жерлердегі мәселе жалпыұлттық деңгейде шешілуге тиіс.

Аймақтарды аралап жүрген Халық Кеңесі өкілдері бұл жолы Ақжайық өңірінің белсенділерімен жүздесті. Басты мақсат — құрғақ ұсыныс жинау емес, түйткілді шешудің тиімді тетігін табу. Басқосуда Төраға Ерлан Қошанов мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту, жастарды қолдау және бірлікті нығайту мәселелерін назарға алды.

Нұргүл Ашықова, «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы әйелдер қанатының жетекшісі:

Халық Кеңесінің жаңа жұмыс жоспарлары айтылып, жалпы өңірлермен бірлесе қалай жұмыс атқаратыны талқыланды. Алдағы уақытта тек Батыс Қазақстан облысымен емес, республикамыздағы барлық өңірмен, ауылдармен бірге жұмыстанатыны атап өтілді.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар