Астанада робот иттер қоғамдық тәртіпті бақылауға кірісті.
Енді ақылды темір серіктер полицейлерге қолғабыс етіп, қала қауіпсіздігін күзетуге атсалыспақ. Қазірдің өзінде адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда қызмет етіп жүр.
Заманауи камералармен және жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған олар айналадағы ахуалды бақылап қана қоймай, бейнежазбаны дереу полицияның Жедел басқару орталығына жолдайды екен. Ең қызығы, бұлар іздеуде жүрген адамдарды да анықтауға көмектесетін көрінеді.
Қуат Құдайберген