Астанаға ұшып келген жолаушының қомақты қаражатын қолды қылды деген күдікпен шетел азаматы ұсталды.
Ол Бейжіңнен елордаға ұшып келген 41 жастағы тұрғынның артында отырыпты. Ақшасының жоғалғанын байқаған азамат полицияға арызданған. Күдікті көп ұзамай қонақүйлердің бірінде құрықталды. Одан ұрланған ақша толық тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір күдікті қамауда, тергеу жүріп жатыр.
Асқар Жұмабеков, Астана қаласы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының бастығы:
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полицейлері күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ол арызданушымен бір рейспен ұшып келген және оның артында отырған шетел азаматы болып шықты. Тінту барысында одан түрлі валютадағы ақша қаражаты, оның ішінде ұрланған 3 600 АҚШ доллары толық көлемде тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.
Рамазан Палмағанбет