Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Жолдағы жүгенсіздік

Түркістан облысында тас жолда «Газель» көлігін қудалап, әбден соққан бұзақылар ұсталды. Мемлекеттік нөмірсіз жүрген бірнеше жеңіл тұлпар жүргізушінің қыр соңынан қалмай, жолын бөгемек болған.

Міне, «Опель». Е, қойсай, еу. Мынау «Монза».

«Газельде» отырғандар жан ұшырып, полицейлерге хабарласып, көмек сұраған. Әбден еліріп алғандар олардың «қойыңдар» дегенін елемей, жан-жақтан қысып, жолдан шығарып жібермек болыпты. Тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысы бар үш күдіктіні ұстап, абақтыға жапты. Сөйтсе, ерегіскендер өзара жолды бөлісе алмай, соңы осындай жағдайға әкелген екен.

БАУЫРЖАН ЗИЯТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру және жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері анықталуда.

← Барлық жаңалықтар