Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Судың ақшасын төлемесең, шетелге шыға алмайсың!

Біраз алматылықтың есепшоты бұғатталып, шетелге шыға алмай қалуы мүмкін. Өйткені ауыз су мен кәріз жүйесі үшін төлемеген қарызы 550 миллион теңгеден асып кеткен. «Алматы су» мекемесінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлерде тұратындардың берешегі 250 миллионға жуықтаса, жеке сектордағылардікі 300 миллионның үстінде. Кәсіпорын өкілдері төлем әр айдың 25-іне дейін өтелуі тиіс екенін ескертеді. Кешіктірілген жағдайда айыппұл есептеледі. Ал созып жүргендердің ісі сотқа жолданады. Бұл жағдайда борышкер негізгі қарыздан бөлек, сот шығындарын да қалтасынан төлейді. Мәжбүрлеп өндіру кезінде сот орындаушылары шоттарды бұғаттап, табыс пен мүлікті тәркілеуге құқылы. Сонымен қатар, қарызы бар азаматтар елден шыға алмай қалады. Айта кетейін, 1 қазаннан бастап қалада судың жаңа тарифі күшіне енді.

← Барлық жаңалықтар