Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Президент Арменияға не үшін барды?

Кеше Бакуде, бүгін Ереванда. Жарғақ құлағы жастыққа тимейтін Президент қазір Армения астанасында жүр. Кавказдың күнгейіндегі мемлекет бұл жолы COP17 халықаралық саммитін өткізуге мұрындық болған. Никол Пашинянның шақыруымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді. Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды. Алқалы жиында биоалуантүрлілікті сақтау және жер шарындағы табиғи мұраны қорғау мәселелеріне назар аударылмақ.

← Барлық жаңалықтар