Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Бәкір Тәжібаевқа ескерткіш қойылды

Ақтөбеліктер біртуар перзентін ұлықтады. Көрнекті ақын, сазгер әрі драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына биыл — 100 жыл! Мерейтойға орай оның туған жерінде түрлі шаралар өтіп жатыр. Соның бірі — шаһардың мәдени ордалары қаз-қатар тізілген көшеде ақынның ескерткіші бой көтерді. Авторы — мүсінші, монументалды өнер шебері Болатбек Салаев.

Бәкір Тәжібаев — қазақ поэзиясы мен ән өнерінде өзіндік өрнегін қалдырған көрнекті тұлға. Ақынның қаламынан туған шығармалары қазақ өнерінің асыл мұрасына айналды. Әсіресе, «Әлия», «Ақбұлақ», «Әдемі-ау» секілді туындыларын білмейтіндер кемде-кем. Бүгінде Бәкір Тәжібаев есімімен Байғанин ауданында музыкалық мектеп, Ақтөбе мен Алматыда көшелер бар. 100 жылдығы еліміздің барлық өңірінде кеңінен аталып өтеді. Ақынның ұлы: «Әкемнің мол мұрасын жас буынға жеткізу үшін арнайы сайт ашып, ютуб-арнасына шығармаларын жүктеп жатырмыз», — дейді.

ЖАСҰЛАН ТӘЖІБАЕВ, АҚЫННЫҢ ҰЛЫ:

Ескерткіш ашылғанда көзіме жас келді. Бұл енді менің өмір бойғы арманым еді. Бұл — бір. Екіншіден, маған анамның қалдырған аманаты. Не де болса, ескерткішті қою керек деген. Тұрысы, бет бұрысы, мына қолына қалам ұстап тұрғаны — өзі аумай қалған екен. Сондықтан өте жақсы шыққан ескерткіш деп айтуға болады.

← Барлық жаңалықтар