Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Енді декреттегі әкелерге жәрдемақы төленбейді

Жаңа жылдан бастап бала күтіміне байланысты ай сайын берілетін жәрдемақы тек аналарға тағайындалады, ал декретке шыққан әкелерге төленбейді. Гендерлік теңсіздік, дискриминация деп желіде шу болған бұл мәселеге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев нүкте қойды. Оның айтуынша, бұл отбасы тиісті жәрдемақысыз қалады деген сөз емес. Ақша жұмысқа шыққан анасына беріледі. Құдай бетін ары қылсын, егер шешесі қайтыс болса не өзге де қайғылы жағдай болса, әкесі баланың асыраушысы ретінде танылып, оған мемлекеттен өзге жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ ведомство басшысы жұмыс істейтін аналарға бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, яғни А және В санатындағы әйелдерге де толық төленетінін айтты. Өйткені бұл қаржы жас босанған және жұмыс істеген келіншектерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтеледі екен.

← Барлық жаңалықтар