Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Уақытты есептеу тәртібі тағы өзгереді

Секундтар сырғиды, сағаттар жылжиды… Біреу білсе, біреу білмес, бірақ ең қызығы: Жер-ананың өзі Күнді біз ойлағандай мінсіз дәлдікпен айналып жүрмейді екен. Секундтық айырмашылық бар. Осы ауытқуды реттеу үшін ғалымдар 1972 жылдан бері UTC жүйесіне 27 рет қосымша секунд енгізіпті. Алайда технология қарыштаған заманда мұндай түзетулер компьютерлік жүйелер мен цифрлық инфрақұрылымның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті келер жылы 20 мамырдан бастап халықаралық үйлестірілген уақытқа, яғни UTC жүйесіне қосымша секунд енгізу тоқтатылады. Бұл туралы Евронюс халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады. Бірақ ескеретін жайт: аталған өзгеріс қарапайым халықтың күнделікті өміріне әсер етпейді. Телефондағы сағатты ауыстырудың да қажеті жоқ. Бұл тек уақытқа аса тәуелді спутниктік навигация, телекоммуникация және энергетика салалары үшін маңызды шешім болмақ.

← Барлық жаңалықтар