Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Семсерлесушілер сенімді ақтады

Семсерлесушілер сенімді ақтады. Мароккода өткен Әлем кубогында Қазақстанның ерлер құрамасы тұғыр биігінен көрінді. Сайыпқыран спортшыларды бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады. Мемлекет басшысы шеберлердің әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектестік білдірді. Ал жауынгерлік өнерде алдына жан салмаған жерлестеріміз осы жетістігінен кейін әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастады. Олар финалда Ресей құрамасынан 45:40 есебімен басым түскен болатын.

← Барлық жаңалықтар