Мазмұнға өту
· 26 қаралым

Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды

Қазақстандық палуан Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды.

Отандасымыз АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жарыста 57 келіге дейінгі салмақта түркиялық қарсыласын финалда тізе бүктірді. Осылайша Мерей Базарбаев бәсекелесін 8:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

Ол еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған Қазақстанның екінші палуаны. Бұған дейін мұндай жетістікке Ризабек Айтмұхан қол жеткізген еді.

Мерей Базарбаев, Еркін күрестен әлем чемпионы:

Жеңіс құтты болсын. Бұл менің емес, бүкіл қазақ елінің жеңісі. Бұл жеңіске жету оңай болған жоқ. Мен жеңісімді қазақ еліне арнаймын.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар