Мазмұнға өту
· 28 қаралым

Қарағанды оқушылары кеншілер қауіпсіздігіне арналған жүйе ойлап тапты

Қарағандыдағы мамандандырылған мектеп-лицейде оқитын үш қыз кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жүйе ойлап тапты.

«SAMRUQ.AI» деп аталатын арнайы жүйе жер астындағы жағдайды бақылап, ықтимал қауіпті алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ауа температурасы, ылғал мөлшері, атмосфералық қысым мен метан көрсеткішін анықтайтын 9 датчигі бар.

Кейін жиналған ақпаратты жасанды интеллект талдап, жер астындағы ахуалды бағалайды. Қауіп туа қалған жағдайда кеншілерді дер кезінде эвакуациялау қажеттігінен хабар береді.

Айша Орынбасар, Мамандандырылған «Дарын» мектеп-лицейінің оқушысы:

Адамдардың қауіпсіздігі әлем бойынша барлығына бірдей болуы керек деп санаймын. Сондықтан біздің қауіпсіздік жүйеміз бүкіл әлемде қолданылса екен деймін. Қазіргі таңда біздің жобамыз бойынша он шақты компания бізге сұраныс жолдады.

Өнертапқыштар өздері құрастырған жүйені Қарағандыдағы оқу шахталарында екі рет сынақтан өткізіп үлгеріпті. Халықаралық технологиялық байқауға қатысып, қазылар тарапынан жоғары баға да алған. Енді жаңа жобаны өндіріс орындарында сынап көргілері келеді.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар