Мазмұнға өту
· 27 қаралым

Қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Қазақстандық мамандар қар барысын мықтап зерттеуге кірісті.

Қатонқарағай ұлттық паркінде жыртқышқа арнайы қарғыбау тағылды. Осы арқылы оның қашан қорек іздеп шыққанын, қай уақытта, қай жерде жүргенін бақылап отырады. Табиғат жанашырлары Қызыл кітапқа енген, ерекше қорғауға алынған хайуанға «Алтай» деген ат берді.

Жомарт Аманбаев, Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығының орманшысы:

Бұл ерекше жағдай. Қар барысының ұсталып тұрғандағы бейнесі мен көзінің жанары — керемет. Мысы да мықты аң ғой. Жылдам ұйықтататын дәрісін бергеннен кейін тез кетіп қалдық. Алыса берсе, бір жерін қиратып ала ма деп алаңдадық.

← Барлық жаңалықтар