Бұдан былай паспорт керек болмай қалуы мүмкін. Астана әуежайы жолаушыларды тексерудің жаңа жүйесін енгізгелі жатыр. Биометрияға бетіңізді тоссаңыз болды. Көлік министрлігінің бұл жаңашылдығы ұшар алдындағы тексеру уақытын қысқартуға бағытталған. Жауаптылар тиісті бұйрық жобасын 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатқа сәйкес, жаңа жүйе алдымен пилоттық режимде сыналады. Алайда биометрия нақты қай кезеңде қолданылатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ оның төлқұжат тексеруін алмастыра ма, жоқ па, бұл жағы да нақтыланбаған.