Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Елордалық оқушылар Есілдің жағасын әуенге бөледі

Елордалық оқушылар Есілдің жағасын әуенге бөледі. Бір мезетте 100 домбырашы «Ер Тұран» күйін орындады. Бұл игі іс-шара Республика күнінің қарсаңында ұйымдастырылыпты. Жобаның мақсаты — өнер арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру екен. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, туған жерге құрметін арттыру. Оқушылар музыкалық мұраны дәріптеп қана қойған жоқ, сурет арқылы да елге деген сүйіспеншілігін білдірді. 20-ға жуық қылқалам шебері туған жердің табиғатын, жарқын болашаққа деген сенімін бейнелейтін туындыларын ұсынды.

← Барлық жаңалықтар