Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Күдіктіні тапқан адамға жарты миллион беріледі

Күдіктіні табуға көмектескендерге 500 мың теңге беріледі.

Қызылордада қолында бес айлық баласы бар әйелді көлікпен қағып, кейін ізін суытқан жүргізуші бір аптадан бері табылмай жатыр. Бүгін облыстық полиция департаменті оған іздеу салып, суретін әлеуметтік желіде жариялады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жасырынып жүрген азаматтың есімі — Алексей Великов. 26 жастағы күдіктіні көрген-білгендер тәртіп сақшыларына хабарласып, оны ұстауға жәрдемдессе, жергілікті кәсіпкер өз қалтасынан 500 мың теңге сыйақы беретінін айтты.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар