Атырауда бір топ жігіт үйленіп жатқан досының шашбауын көтереміз деп, бастары бәлеге қалды.
Олар той алдында кортеж ұйымдастырып, қалада ойран салған. Жолдың ортасында оңды-солды ойқастап, ойларына келгенін істеген. Ең сорақысы, көлік айдаған жігіттердің бірінің тіпті жүргізуші куәлігі болмапты. Сөйтіп, тойға жиналған жастар полиция бөлімінен бір-ақ шықты. Бәріне әкімшілік хаттама толтырылды.
Дина Максотова, Облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:
Маневр жасау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану және көліктің техникалық талаптарға сай болмауы деректері тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін бұзған үш көлік арнайы тұраққа қойылды.
Қуат Құдайберген