Ақбөкен көбейген соң, оның санын реттеу мәселесі туындады. Енді киік етін өткізе алмай әлек болып жатырмыз.
Далада киік көп болғанымен, оның еті дастарқанның сәнін кіргізе алмай тұр. Сол себепті енді түз жануарының еті консерві түрінде шығарылмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат ақпараттық агенттігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазір құзырлы орган етті қайта өңдеу көлемін арттыру үшін оны бұқтырылған күйде ұсынбақ. Бұл шара елімізде киік етіне деген сұраныстың төмендеуіне байланысты қолға алынып отыр.
Бердібек Қарынбай