Бір түйір әуе шарының кесірінен тұтас елдің астанасы жарықсыз қалды.
Ойда жоқта аспанда қалықтап жүрген шар Ташкенттегі электр желісіне дәл тиіп, қысқа тұйықталуға себеп болған. Салдарынан шаһардағы жүйеде ақау туындап, кешқұрым электриктерді әбігерге салыпты.
Өзбекстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, мамандар қосымша жүйелерді іске қосып, барлығын тез арада қалпына келтірген.
Қуат Құдайберген