Димаш Құдайберген Польша төрін әуезді әнімен тербеп, еуропалық көрерменді кезекті рет таңдай қақтырды.
Жер-жаһаннан жиналған мыңдаған жанкүйердің басын қосқан бұл кеш әншінің бірнеше құрлықты шарлайтын гастрольдік сапарының басы екен. Краков қаласында өткен концертте өнер иесі «Dimensions» атты туындысын шырқап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Жалпы, бұл концерттік бағдарламаға арнайы бірқатар тың шығарма әзірленген.
Үсен Астана