Еліміздің шығысында жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің трассаға шығуына тыйым салынып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Риддерде қар түсіп, арты көктайғаққа ұласқан. Сондықтан полиция жол қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлуде. Абай облысында да жауын-шашын, екпінді жел, бұрқасын болуы мүмкін. Жалпы, Қазгидрометтің болжамы бойынша, тек шығыста емес, алдағы үш күнде еліміздің батысы мен оңтүстігінде де салқын болады. Мамандар ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендейтінін айтты.