Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Өңірлерге көшіп барғандарға 10 млн теңгеге дейін көмек беріледі

1 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін! Жаңа жылдан бастап өңірлерге ерікті түрде көшіп барған азаматтарға мемлекет тарапынан осындай көлемде қаржылай қолдау көрсетілуі мүмкін. Бірақ ескеретін бір жайт бар. Ол үшін жобаға қатысушылар республика бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге баруға тиіс. Жаңа ережеге сәйкес, қоныс аударған әр отбасына біржолғы субсидиямен қоса, баспана сатып алуға және жалдауға арнайы сертификат қарастырылған. Сондай-ақ әр отбасы мүшесіне 328 мың теңге беріледі. Ол үшін өтініш беруші көшіп барған өңірде 3 ай қатарынан жұмыс істеуі керек.

← Барлық жаңалықтар