Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Шымкенттің мектептерінде оқулық жетіспейді

Шымкенттің мектептерінде 170 мыңнан астам оқулық жетіспейді. Бұл былықты прокурорлар анықтаған. Сонымен қатар қадағалаушы орган өкілдері 110 мыңнан астам тозған және пайдалануға жарамсыз кітаптың бар екенін білген. Мәселен, Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы бесінші сыныптарға арналған ағылшын тілі пәнінен 293 оқулыққа сұраныс бергенімен, небәрі 90 данасын алған. Соның салдарынан оқушыларға мұқабалары мен түптері бүлінген, парақтары жоқ, тоз-тозы шыққан кітаптар беріліпті. Прокурорлар араласқаннан кейін ғана 46 мыңнан астам ұл-қызға оқулықтар беріліп, кінәлі 73 тұлға жауапкершілікке тартылыпты.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Соңғы үш жылда оқушылар саны ескеріле отырып, кітап қорына түгендеу жүргізілмеген. Оқулықтарды жаңарту мерзімділігі сақталмаған, ал сатып алынған кітаптар мектептердің нақты қажеттілігін толық өтемеген.

← Барлық жаңалықтар