Мемлекет басшысы келесі аптада, яғни 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президент әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазбасында қазіргі уақытта осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.