Мазмұнға өту
· 22 қаралым

«Атлетико Мадрид» басшысы қазақ футболына қандай баға берді?

«Атлетико Мадрид» мектебі – үлкен мүмкіндіктер алаңы. Отандық аяқдопты өрістетіп, жас футболшыларды шыңдайтын жобаның болашағы бүгін Ақордада талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев испандық клубтың бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдап, былтыр ашылған академияның болашағын жоғары бағалады. Өйткені Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, ойыншыларды даярлау бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Бұдан бөлек, ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынған. «Осы орайда әйгілі клубтың тәжірибесі қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеуге жол ашады», – деді Президент. Басқосуда Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстанда футболдың дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

← Барлық жаңалықтар