Мазмұнға өту
· 1 қаралым

Арзан телефон сататындар тергеліп жатыр

Арзан бағаға iPhone сатамыз деп жұртты тақырға отырғызғандар тергеліп жатыр.

Астанада жыл басынан бері осыған ұқсас алты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған. Алаяқтар жылтыр жарнамамен халықты сендірген. Жаңа сатып алушылардан түскен ақшаны бұрынғы клиенттердің тапсырысын орындауға жұмсап отырған.

Ал сұраныс көбейіп, қаражат жетпеген кезде қарызға батқан. Қазір осы іске қатысты 200-ден астам адам жәбірленуші деп танылды. Олардың жалпы шығыны 200 миллион теңгеден асады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар