Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Сирек кездесетін жыртқыш көзге түсті

Марқакөл қорығында жыртқыш көзге түсті.

Тау беткейімен баяу жүріп келе жатқан аңның осы сәті фототұзаққа таспаланып қалған. Мамандардың айтуынша, дене тұрқы шағын болғанымен, жыртқыштың бұл түрі ерекше алып күшке ие.

Әдетте олар өте сақ жүреді. Сондықтан мұндай видеолар өте сирек кездеседі. Бұл сәтті кадр сәуір айында түсірілген екен.

Жанар Арғын

← Барлық жаңалықтар