Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Күткен күн

Ақтөбеде де мереке қарсаңында сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ адам мемлекеттік награда алды. Марапатталғандардың арасында қоғам қайраткерлерінен бастап ғалымдар, дәрігерлер мен кәсіпкерлер, ұстаздар, еңбек адамдары бар. Аймақ басшысы жиналғандарды құттықтап, Республика күнінің маңызына тоқталды. Бұл отандастардың кеудесі қуанышқа толып, халқымыз өзінің туған жері, атамекені, арқа сүйер мемлекеті бар екенін сезінетін, мақтанышқа бөленетін маңызды мереке деді.

КҮНСҰЛУ ШАМАНОВА, ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Мал сою цехында қасапшы болып жұмыс істедім. Қара жұмыс болған соң, оның оңайы болмайды. Ылғи ер адамдар, жалғыз мен – әйел адам. Тіл табысып, өзіміз ұжыммен жұмыс жасаймыз. Осындай марапатқа ие болып жатқаныма өте қуаныштымын.

АЗАМАТ ТҰРЫШЕВ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Мынау тек қана менің марапатым емес, бүкіл әріптестерімнің, ұжымдастарымның бірлескен жемісі.

← Барлық жаңалықтар