Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Аяз келе жатыр

Осымен мизамшуақ күндер біткен тәрізді. Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады. Демалыста еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады деп болжанып отыр. Ал шығыс жақта боран соғуы мүмкін. Орталық пен теріскей бетте тұман түсіп, көктайғақ болуы да ықтимал. Ауа температурасы -8 градусқа дейін төмендейді. Ал Маңғыстауға қыс әдеттегідей кеш келетін сияқты. Бұл өңірдің тұрғындары демалыс күндері қолшатырын тастамағаны жөн. Өйткені жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар