Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Студенттер мен ғалымдар ағаш екті

Алматыда бір топ студент пен ғалым ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында университет аумағына 30 түп қарағай мен 35 бөртегүл егілді. Ұстаздар бұл өсімдікті арнайы таңдаған себебі, көпжылдық желек көктемде ерекше гүлдеп, жұпар иісі аңқып, саябақты түрлі-түске бояйды дейді. Суыққа да төзімді, жер таңдамайды. Бүгін егілген талдар студенттер бітіргенше жайқалып, үлкен ағашқа айналады дейді ұйымдастырушылар.

ӘБДІРАХМАН ТАСЫБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты – Мемлекет басшысы қолдап жатқан «Таза Қазақстан» аясында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру. Ең басты мақсат – осы. Сонымен қатар жастарға көрсетіп, тәрбие беру. Өйткені ағаш егу – сауапты іс. Жалпы университеттің кампусында соңғы бес жылдың ішінде 3000 түп ағаш егілді.

Сонымен қатар мерекеге орай оқу орнында аккумуляторларды қайта өңдейтін цех ашылды. Енді қарапайым сағат, пульт сияқты күнделікті тұрмыста қолданатын дүниенің батареяларын қоқысқа тастауға асықпай, осы өндірістік алаңға тапсыруға әбден болады. Өйткені мамандар олардың құрамынан бағалы металдар мен пайдалы материалдарды бөліп алу технологияларын ойлап тапқан.

ҚУАНЫШ ТАСТАМБЕК, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Нақты мына цехтың жұмысы 3–4 адамның жұмысын қамтиды. Барлық процестер автоматтандырылған. Оның ішіне батареяларды салу, переработка жасау, оның нақты өнімдерін зертханаға алып кету кіреді. Ал зертхананың өзінде 20–30 ғалым әртүрлі бағытта өз зерттеулерін жасайды.

← Барлық жаңалықтар