Көлсайда сирек кездесетін ақкіс бейнекамераға түсіп қалды.
Бейнежазбадан кіп-кішкентай жыртқыштың тау-тастан секіріп, өте жылдам қозғалатыны анық көрінеді. Сусарлар тұқымына жататын бұл жануар жыл мезгіліне қарай түсін өзгертеді: жазда қоңырқай болса, қыста аппақ түске енеді.
Ол ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға септігін тигізеді.
Гүлнәзия Мейірханқызы