Мазмұнға өту
· 8 қаралым

ҚазҰУ-дегілер дүрлікті

Қара сөмкеде бомба бар сияқты. Бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық университетіндегілер аяқ астынан дүрлігіп, шұғыл түрде эвакуацияланды. Оқытушылар мен шәкірттердің сабақты тастап, апыр-топыр әбігерге түсуіне дәлізде қараусыз қалған сөмке себеп болған. Оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет өкілдері күмәнді затты бірден тексерді. Қуанышқа орай, ешқандай қауіпті зат табылмаған, сөмкенің ішінен тек оқу құралдары шыққан.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тексеру нәтижесінде сөмкенің ешқандай қауіп төндірмейтіні белгілі болды. Алматы полициясы азаматтардың қырағылығы мен қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар күдік тудыратын немесе қараусыз қалған заттарды байқаған жағдайда, оларға өз бетінше жақындамай, ұстамай және орнынан қозғамай, дереу 102 нөміріне хабарлау қажеттігін еске саламыз.

← Барлық жаңалықтар