Мазмұнға өту
· 49 қаралым

Биыл 24 млн тонна астық жиналды

Нан болса – ән болады! Биылғы егін науқанында елімізде бұрын-соңды болмаған астық жиналып, соңғы 15 жылдағы рекорд жаңарды. Диқандар 24 миллион тонна сары алтынды қамбаға құйды. Егіннің тек көлемі ғана емес, сапасы да ерекше жоғары. Бұл нәтиже Қазақстанның сыртқы нарықтағы мүмкіндігін арттырып отыр. Мәселен, соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша шетелге 15 жарым және 16 миллион тонна астық пен ұн жөнелтіппіз. Бұл — Тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары экспорттық көрсеткіш. Теміржолшылар биыл тек қыркүйек пен қазан айының ортасына дейін сыртқа 1 миллион 600 мың тоннадан астам астық тасымалдаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 9 пайызға көп.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Элеваторларға тапсырылған егіннің шамамен 72 пайызы үшінші сыныпқа жатады. Зерттелген бидай үлгілерінің 48 пайызында дән маңызының мөлшері 28 пайыздан жоғары. Ақмола облысында үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90 пайызға, ал ақуызы жоғары Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70 пайызға жетті. Астық сапасының жоғары болуы оны азық-түлік өндірісіне кеңінен пайдалануға, өңдеу кәсіпорындарын дамытуға және отандық өнімнің шетелдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар