Ақтауда дәрігерді ұрған жігітті қандай жаза күтіп тұр? Қоғамда дау тудырған мәселе бойынша бүгін денсаулық сақтау министрі пікір білдірді. Ақмарал Әлназарованың сөзінше, қазір медицина мамандарына шабуыл жасағандарға қатысты жаза күшейген. Еске салайық, жуырда Ақтауда облыстық балалар ауруханасына перзентін әкелген жас әкенің хирургті соққыға жыққан видеосы тарады. Кейін ашуға булыққан ер адам да, дәрігер де әлеуметтік желіге өздерінің әрекетіне байланысты бейнежазба жариялап, қоғам екіге бөлінді. Бірі баласы үшін шырылдаған әкенің әрекетін жақтап, даттаса, бірі хирургтің «жұмыс уақытым біткен кез еді» дегені үшін оны да жазалау керек деп жатыр. Қазір қылмыстық іс қозғалды.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Қылмыстық іс қозғалды, сондықтан тиісті құзырлы органдар бағасын бере жатар. Бұл жерде Президенттің тікелей тапсырмасы аясында биылғы жылы заңға қол қойылды. Жауапкершілікті күшейтуге байланысты. Бүгінгі таңда апрельден бастап бұл норма күшіне енді. 50-ге жуық Қазақстан бойынша осындай қылмыстық істер қозғалуда.