Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Қаланың қақ ортасында жүрген қойлар

Қарағандыда кеш қарайған сәтте қорадан қашып шыққан бір отар қой қала көшелерін кезіп, жүргізушілерді әбігерге салды. Көлік қозғалысына кедергі келтірген төрт түлікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Шұбырған уақ мал бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, жолды емін-еркін кесіп өткен. Ал қараусыз кеткен тоқты-қошқарлар 73 жастағы қала тұрғынына тиесілі болып шықты. Қария малын қораға кіргізбек болған сәтте, қойлар үркіп қашып кеткен екен. Дер кезінде әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы бір отар малды түгел жинап, иесіне аман-есен қайтарып берді.

← Барлық жаңалықтар