Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

Батырхан Шүкеновке арналған мурал пайда болды

Павлодарда Батырхан Шүкеновке арналған мурал пайда болды.

Танымал әншінің бейнесін жергілікті суретші үйінің жанындағы жылыту пунктінің қабырғасына салыпты. Автор оған бір айға жуық уақытын жұмсаған.

Туындыда өнер иесімен қатар Ғазиза есімді бойжеткенге арналған жасырын жазу бар. Ол Батырханның орындауындағы «Твои шаги» әнінің кейіпкері екен.

Наталья Королёва, мурал авторы: «Менің ойымша, Батырхан Шүкенов ең мықты әншілердің бірі болды. Қазақ музыкасының дамуына үлкен үлес қосып, өшпес із қалдырды. Шынымды айтсам, қатты таңқалдым. Маған қала тұрғындары келіп, муралдың керемет шыққанын айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр».

← Барлық жаңалықтар